Алматыда өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды

Қабылдау пунктіне кез келген көлемде заттар мен азық-түліктер алып келуге болады. 

Алматыда өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау басталды Фото: Абай облысының әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы хабарлады. 

2023 жылғы 12 маусымда Алматы қаласында Абай облысының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау басталды. 

Алматы қаласындағы гуманитарлық көмек жинау пункті: Байтұрсынов көшесі, 22к1, 1 қабат мекенжайында орналасқан еріктілердің фронт-кеңсесі. 

Онда кез келген көлемде заттар мен азық-түліктер қабылданады. Қазіргі уақытта гуманитарлық көмекке бірінші кезекте қажет заттар:

- көрпелер;

- маскалар;

- термос, қол шамы, қуаттауыштар;

- жөргектер, дымқыл майлықтар, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары;

- қажетті өнімдер (консервілер, печенье және т. б.);

- бір рет қолданылатын ыдыс;

- су және т. б.

Қабылдау пунктінің жұмыс уақыты: сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін. Еріктілер штабының жұмысына "Қазақстан Еріктілер лигасы" ҚҚ, "QAMQOR CHARITY" ҚҚ, "Медицина Жастары" РҚБ және т.б. сияқты ірі еріктілер ұйымдары жұмылдырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу