Алматыда осал топтар үшін коммуналдық тарифтер субсидияланады

145

Тарифтердің өзгеруін Алматы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті бекіткен.  

Алматыда осал топтар үшін коммуналдық тарифтер субсидияланады  Фото: shutterstock.com

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде әкімдік әлеуметтік осал азаматтарға тарифтің өсуін өтейтінін, бұл мақсатқа қаражат қалалық бюджеттен бөлінгенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Алматы қалалық әкімдігіне сілтеме жасап. 

"Қолдауға мұқтаж тұрғындарға арналған арнайы бағдарлама қалада екі жылдан астам уақыт бұрын іске қосылған. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар аудандық басқармаларға жүгініп, қажетті көмек ала алады. Бұл мақсатқа қаражат бюджетте қарастырылған", – деді Ерболат Досаев.

Қазіргі коммуналдық тарифтер әлі де айтарлықтай субсидияланатынын атап өтті. Әкімдікке суды тұтыну бойынша сараланған төлемге қатысты көптеген сұрақ келіп түседі.

"Өкінішке қарай, қалада су есептегіш құрылғылары жоқ тұрғындардың үлесі жоғары. Сондықтан біз сараланған төлем жүйесін енгіздік: есептегіші барлар бір тарифпен төлейді, ал есептегіші жоқтар көтерілген норма бойынша есептеседі. Бұл арқылы біз тұрғындарды есептегіш орнатуға ынталандырғымыз келді", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу