Алматыда осымен үшінші кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмысын бастады

1163

Алматыда осымен үшінші кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмысын бастады

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кәсіпкерлерді қолдау орталығының ашылуына қатысты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Барынша қызмет көрсету, көмектесу, түсіндіру, сауаттылықты арттыруға жәрдемдесу қажет. Біздің міндетіміз қарым-қатынас деңгейінің мәдениетін арттыру. Ұлттық кәпіскерлер палатасы мен аймақтық палата бізге көмектесті деп есептеймін, бұрын әкімдікке келетіндер енді сіздерге барады", – деді қала әкімі.

Айта кетейік, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 54-ші қадамында кәсіпкерлердің талаптарын қорғауда бизнес-омбудсмен институтын күшейту көрсетілген. Ол институт құрамына бизнес қауымдастық және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының алдындағы басты міндет өз бизнесін бастаған не болмаса кәсіпкерлікпен айналысуды қолға алғандарға тегін кеңес беріп, бизнес жүргізу тетіктерін үйрету, оқыту шараларын ұйымдастыру.

Алматыдағы осындай орталықта жалпылай алғанда, кеңес беру аясы жеті бірдей бағытты: ақпараттық технологиялар, мемлекеттік сатып алулар, менеджмент, заңдық қолдау бойынша, сондай-ақ бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есеп тұрғысында және маркетинг пен кедендік процедураларды қамтыған.

Айта кетейік, жаңа орталық кәсіпкерлерді қолдау бойынша Алматыдағы үшінші орталық болып отыр. Жыл басынан бері екі орталықта шағын және орта бизнес бойынша 6233 қызмет түрі көрсетілген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу