Алматыда Отан қорғаушы күні қалай мерекеленеді

Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында ұйымдастырылады. 

Алматыда Отан қорғаушы күні қалай мерекеленеді Фото: inbusiness.kz

Алматыда 7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерекелік концерт пен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтеді.

Концертте әскери үрмелі оркестр, Бағлан Әбдірайымов, Толқын Забирова, "IL Canto" квартеті, Жәмила Серкебаева және т. б. өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында ұйымдастырылады.

Атап айтқанда:

  • Алатау ауданында  ардагерлер мен жастардың қатысуымен "Ер есімі – ел есінде" ескерткішіне гүл шоқтарын қою 7 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де Жанқожа батыр көшесі, 26 мекенжайдағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында болады. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара 7 мамыр Атлеттер ауылында сағат 11:00-де басталады;
  • Алмалы ауданында "Елім менің" патриоттық әндер орындаушыларының байқауы 7 мамырда сағат 17:00-де Арбатта өтеді;
  • Бостандық ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара 5 мамырда сағат 11:00-де Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің "Оңтүстік" өңірлік командованиясында өтеді, Попов көшесі, 1а;
  • Жетісу ауданында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, ардагерлер ұйымдарының активі мен Қарулы Күштер өкілдерінің қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт 7 мамырда сағат 14:00-де Кемел шағын ауданындағы Есім хан көшесі, 127А-да өтеді;
  • Медеу ауданында Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концерт 6 мамырда, Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) сағат 10:00-де басталады;
  • Наурызбай ауданында Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты концерт 5 мамырда сағат 10:00-де Ақжар шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 178 мекенжайдағы әскери бөлімде болады;
  • Түрксіб ауданында Отан қорғаушы күніне арналған бағдарлама 6 мамырда, ҚР құрлық әскери институтында (Красногорская, 4) сағат 11:00-де ұйымдастырылады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу