Алматыда Отан қорғаушы күніне орай мерекелік шаралар өтеді

1195

Алматыда 7 мамырда Отан қорғаушылар күні мен ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Республика сарайында салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай мерекелік шаралар өтеді

Шара барысында ардагерлер мен әскери қызметшілерге құрмет көрсетіледі.

Бұдан бөлек, Отан қорғаушы күні қарсаңында Алматыда өзге де бірқатар шара ұйымдастырылады. Мәселен, қаланың барлық мектебінде "Ерлік сабақтары", сынып сағаттары, мәнерлеп оқудан және эссе жазудан байқаулар өтеді.

Сондай-ақ ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар органдарының еңбегімен ерекше көзге түскен қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталатын болады.

Алматыда үш күн бойы, яғни 7-9 мамыр аралығында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан сарбаздардың құрметіне орнатылған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

7 және 9 мамыр күндері өтетін мерекелік іс-шараларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатынын бұған дейін жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу