Алматыда отандық бизнесті қолдау бойынша кездесу өтті

671

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп отандық тауар өндірушілермен дөңгелек үстел өткізді.

Алматыда отандық бизнесті қолдау бойынша кездесу өтті Фото: "Атамекен"ҰКП

Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер түрлі сипаттағы мәселелерді көтерді.

Олардың қатарында отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі, айыппұл санкцияларының болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде қолдау тетігінің жоқтығы.

Спикерлер атап өткендей, бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмыспен қамтуды сақтау мен экономикалық өсудің басты өлшемдерінің бірі болып табылады. Ал мемлекеттік сатып алудағы жүйелік проблемалар жергілікті кәсіпорындарға олардың әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіреді.

Осы кемшіліктерді жою мақсатында кәсіпкерлер арасында заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларды одан әрі енгізу үшін пікір және ұсыныстар алмасу мақсатында жұмыс тобы құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу