Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев көрменің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мұндай ауқымды іс-шараны, отандық өндірушілердің жыл сайынғы "Ulttyq Ónim" көрмесін өткізу – Алматы мен жалпы ел үшін маңызды оқиға.
Алматы – бизнес және капитал орталығы. Бүгінде шағын және орта бизнес қалалық жұмыспен қамтудың 87% (2022 жылы 998 мыңнан 868,5 мың) үлесін ала отырып, қалалық экономиканың 57,5% қалыптастырады. 2022 жылы ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 15,7 трлн теңгеге жетіп, 31,1% өсімді көрсетті", – деді шаһар басшысы.
ШОБ кәсіпкерлік бастамасының арқасында бүгінде қала ел экономикасының бестен бір бөлігін (2022 жылы 18,5%) және Қазақстанның мемлекеттік бюджеті кірістерінің төрттен бірін қамтамасыз етеді.
Биыл жыл басынан бастап мегаполисте іскерлік белсенділіктің айтарлықтай өсуі байқалады. Осы жылдың бірінші тоқсанында іскерлік белсенділік индексінің деңгейі бойынша (57,9%) Алматы Қазақстан өңірлері арасында бірінші орынға шықты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9%-ға дейін өсті.
"ШОБ дамыту әрқашан біздің назарымызда. Биыл мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында басым бағыттағы 3 мыңнан астам жобаны қолдау үшін 44 млрд теңге бөлінді.
Отандық өндірушілердің жыл сайынғы "Ulttyq Ónim" көрмесі Қазақстанда 7 рет, Алматыда бірінші рет өткізіледі. Біз сіздермен келесі жылы да кездесеміз деп үміттенемін. Бүгінде көрмеге Қазақстанның барлық өңірінен экономиканың түрлі саласындағы 300-ден астам отандық компания қатысады.
Сіздерге жемісті әрі сындарлы кездесу, жаңа келісімшарт жасауларыңызды және біздің сүйікті Алматы қаласында уақытты жақсы өткізулеріңізге шын жүректен тілектеспін!", – деді Ерболат Досаев көрменің ашылу салтанатында.
Еске сала кетсек, көрме осыған дейін 6 рет елордада өтті. Биыл алғаш рет Алматыда ұйымдастырылды.