Алматыда өтетін бокс кешінде алты қазақстандық шаршы алаңға шығады

751

Boxrec.com бокс статистикасы порталындағы ақпаратқа сүйенсек, аталған бокс кешінде жұдырықтасатын сегіз жұп анықталған екен.

Алматыда өтетін бокс кешінде алты қазақстандық шаршы алаңға шығады

16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Тәуелсіздік күніне арналған бокс кеші өтеді. Кеште жұдырықтасатын боксшылардың қарсыластары белгіленді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл кеште қазақстандық алты боксшы өнер көрсетеді. 

Boxrec.com бокс статистикасы порталындағы ақпаратқа сүйенсек, аталған бокс кешінде жұдырықтасатын сегіз жұп анықталған екен.

Виктор Коточигов (Қазақстан, 10-0, 4 КО) – Хавьер Хосе Клаверо (Аргентина, 27-5, 5 КО), жеңіл салмақ;

Сұлтан Заурбек (Қазақстан, 8-0, 6 КО) – Лешань Ли (Китай, 16-3-2, 9 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ;

Искандер Харсан (Қазақстан, 7-0, 6 КО) – Томас Эссомба (Камерун, 9-5, 3 КО), супер жеңіл салмақ;

Нұртас Ажбенов (Қазақстан, 7-0, 3 КО) – Лэнди Крис Леон (Филиппины, 13-20-5, 6 КО), жеңіл салмақ;

Елшат Нығметолла (Қазақстан, 15-0-1, 5 КО) – Крис Альфанте (Филиппины, 17-7-1, 9 КО), супер жеңіл салмақ;

Абай Төлеш (Қазақстан, 4-0, 3 КО) – Томаш Безвода (Чехия, 8-10, 5 КО), орта салмақ;

Хуршид Тожибаев (Өзбексан, 3-0, 2 КО) – Айзек Джуниор (Индонезия, 26-13-3, 9 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ;

Алиу Бамиделе Ласиси (Нигерия, 13-0, 8 КО) – Хамсон Ламандау (Индонезия, 10-4-1, 7 КО), екінші ең жеңіл салмақ.

Қазақстандық боксшылар Мирас-Али Сарсенов (1-0, 1 КО), Нұрдос Төлебай (1-0) және Рай Сейітжанов (1-0), сондай-ақ өзбекстандық 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Фазлиддин Гайбназаровтың (7-1, 4 КО) қарсыластары енді анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу