Алматыда өткен AFM AI Hackathon 2026 байқауында еліміздің жас әзірлеушілері бақ сынады

246

Байқауда қатысушылар жасанды интеллект негізінде деректерді талдау және киберқауіпсіздікке арналған инновациялық жобалар ұсынды.  

Алматыда өткен AFM AI Hackathon 2026 байқауында еліміздің жас әзірлеушілері бақ сынады Фото: gov.kz

Алматы қаласында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған AFM AI Hackathon 2026 байқауына Қазақстанның барлық өңірлерінен 300-ден астам қатысушы жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Олардың қатарында студенттер, жас зерттеушілер және жасанды интеллект пен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әзірлеушілер болды.

Хакатон барысында қатысушылар деректерді талдау құралдарын жетілдіруге, киберқауіпсіздікті арттыруға және өзекті салалық мәселелерді шешуде жасанды интеллект технологияларын қолдануға бағытталған жобалар әзірледі.

Байқау қорытындысы бойынша Toraighyrov University студенттерінен құралған команда II орын иеленді. Олар деректерді талдау мен қорғауға арналған жасанды интеллект негізіндегі серверлік қосымша жобасын ұсынып, сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Жоба практикалық маңыздылығымен және инновациялық шешімдерімен ерекшеленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, цифрлық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және жастарды ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық трансформация бағыттарына тартуға мүмкіндік береді.

AFM AI Hackathon – инновациялық экожүйені дамытуға үлес қосатын дарынды жастарды анықтау мен қолдауға арналған маңызды алаңдардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу