Қазақстан мен Норвегия ойынына бір топ билеті бар адамды кіргізбей қойған

296

Наразы топты полиця мен ұйымдастырушылар бір-бірінен "допша" сілтеген көрінеді.  

Қазақстан мен Норвегия ойынына бір топ билеті бар адамды кіргізбей қойған Фото: Бейнежазбадан

Алматыда өткен Қазақстан мен Норвегия арасындағы футбол кезінде билеті бар бір топ адам стадионға кіре алмаған. Кейін олар бір орынға екі адамнан отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Не хабар" Telegram aрнасында жарияланған видео кадрлардан жиналған жұртшылықтың қақпадан ішке өте алмай наразылық танытқаны көрінеді.

"Міне, осындай бассыздық орын алуда. Дәретханаға шығып кеткен жанкүйерлердің орнына басқалар келіп, енді оларды ұйымдастырушылар қайта кірбізбей жатыр. Полиция ұйымдастырушыларға жүгініңіздер десе, ұйымдастырушылар керісінше полицияға барыңыздар деп бір-біріне сілтеп жатыр. Нағыз бассыздық", – делінген видео кадрларында.

Желі жұртшылығы да пікір қалдырып, шынымен бір ойын кезінде тіпті бір орындықта екі адам отырған жайттар болғанын жеткізді.

"Шәй алуға шығып кеткенбіз, келсек бізді кіргізбей қойды. Кейін бір орынға екі адам отырдық”, “Билеттер бірінші күні-ақ бітіп кеткен. Алыпсатарлардың ісі”, “Билеті барлардың көбі кіре алмады", – деді олар.

Еске салсақ, 6 қыркүйек күні Алматыда Қазақстан мен Норвегия арасында футболдан Ұлттық лига ойыны өтті. Ойын екі 00:00 есебімен аяқталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу