Алматыда отшашуға тыйым салынады: жаңа ереже 2027 жылы күшіне енеді

216

2027 жылдың 8 қаңтарынан бастап Алматыда атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған жаңа экологиялық талаптар енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Алматыда отшашуға тыйым салынады: жаңа ереже 2027 жылы күшіне енеді Фото: Алматы әкімдігі

Ең көп талқыланатын өзгерістердің бірі – петарда, отшашу, салют және басқа да пиротехникалық бұйымдарды қолдануға шектеу қойылуы.

Алайда бұл талап әзірге қаланың барлық аумағына бірдей қатысты емес.

Шектеу төмен шығарындылар аймағы (LEZ) нақты белгіленіп, оның шекарасы бекітілгеннен кейін сол аумақта қолданылады.

Яғни Алматыда отшашу мәселесіне қатысты жаңа тәртіп LEZ аумағы анықталған соң нақты күшіне енеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу