Оқиға кезінде нысан өкілдері оттегі тарату пунктінің бір қызметкерінің жоқ екенін байқаған. Олардың айтуынша, әріптестері оттегі баллоны жарылған кезде жұмыс орнында жүрген. Ал оттегі тұрған бөлме жарылыстан соң өртеніп, шатыры ортасына құлады, деп хабарлайды Atameken Business.
Мерт болған ер адамның мәйіті сынған ыдыстардың жанынан табылған. Қалалық ТЖД-нің мәліметінше, өрт сөндірушілер 50 литрлік 5 оттегі баллонын және 25 литрлік бір газ баллонын эвакуациялады. Өртті сөндіруге 52 төтеншелік пен 19 техника жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу