Алматыда өз-өзіне қол жұмсамақ болған азамат құтқарылды

368

Көмекке бірінші болып “Буран-143” патрульдік экипажы барды. 

Алматыда өз-өзіне қол жұмсамақ болған азамат құтқарылды Фото: Казахстанская правда

Түнде “102” пультіне хабарлама келіп түсті. Бостандық ауданының қобалжыған тұрғыны күйеуінің мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Ер адам үй сыртындағы кондиционер компрессорына отырып алған және төменге секіремін деп қорқытқан. Оның үстіне қолында пышақ болған.

– Оның қолында үлкен ас үй пышағы болды. Пышақты тамақ тұсына тақап алған. Полиция қызметкерлері жарады, қорықпады. Күйеуім оларды да пышақпен жаралауы мүмкін еді. Полиция қызметкерлеріне көп рақмет, – деді қала тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, күйеуі мас күйінде ашуға булығып, жанжал шығарған. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу