Алматыда Өзбекстан азаматынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді

1053

Оның 43 жастағы сыбайласы да ұсталды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Алматыда Өзбекстан азаматынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді

"Қылмыстық істі тергеу барысында тәртіп сақшылары Алматы қаласында 5-6 қаңтарында болған тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ қоймаларынан ұрланған қару-жарақ партиясы орналасқан жерді анықтады", – деді департамент басшысы Оңал Бекиев. 

Спикердің айтуынша Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысқан Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, тұрғылықты жерінен екі пышақ пен бір пневматикалық тапанша тәркіленген.

Сондай-ақ полицейлер оның 43 жастағы сыбайласын ұстады, ол тінту барысында 19 пневматикалық қару мен оларға арналған патрондар, 10 пышақ, бір арбалет, алты оптикалық көзілдірік және үш оптикалық құрылғы тәркіледі. 

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, жүргізілуде, күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар немесе жоғы тексерілуде. Олардың сыбайластарын анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде", – деп түйіндеді Оңал Бекиев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу