Алматыда өзбекстандық 20 гастарбайтер заңсыз жұмыс істеп келген

1060

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 921 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Алматыда өзбекстандық 20 гастарбайтер заңсыз жұмыс істеп келген

Алматының құрылыс алаңдарында 20 өзбекстандық заңсыз еңбек етіп келген. Олар "Келімсек" республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчиновтың айтуынша, гастарбайтерлер Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің аумағында жұмыс істеген. 

"Олар және жұмыс берушілері еліміздің қолданыстағы көші-қон заңнамасын бұзды. Сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ПД қабылдау-тарату орнына қамалды. Кейіннен сот шешімі бойынша гастарбайтерлер Қазақстаннан тыс жерге шығарылады", – деді спикер. 

Сонымен қатар басқарма басшысы үш күн ішінде анықталған құқық бұзушылықтар туралы сөз қозғады. Мәселен, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 921 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 686-сы Қазақстанда жүріп-тұру қағидаларын бұзған шетелдік азаматтар. 

"Сот шешімі бойынша 25 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 211 тұлға, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 24 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды", – деді Асхат Бутунчинов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу