Алматыда Өзбекстанның 40 азаматы елден шығарылды

182

Олар Өзбекстан шекарасына дейін арнайы рейстік автобустармен тасымалданды.

Алматыда Өзбекстанның 40 азаматы елден шығарылды Фото: Алматы полициясы

Алматыда Өзбекстан Республикасының 40 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан шығарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Біз қаламызда шетел азаматтарының көші-қон заңнаманы сақтауын және заңды тұрғылықты болуын қадағалаймыз. Анықталған тұлғалар көші-қон тәртібі ережелерін бұзғандықтан, заңнамаға сәйкес ел аумағынан шығарылды, – деді Алматы полиция департаменті Көші-қон қызмет басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Полицияның мәліметінше, азаматарды елден шығару іс-шарасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір тұлғаның құжаттық рәсімделуі және шекараға дейінгі қауіпсіз тасымал бақылауымен жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу