Құқық бұзушылық бейнелеген жазба әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қаласының Полиция департаменті жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде жүргізушілердің жеке басы анықталып, ұсталғанын хабарлады.
– Тексеру қорытындысына сәйкес, олар ҚР ӘҚбК-нің 6-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімімен екі жүргізуші де 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады полициядан.
Қалалық полиция департаменті көлік құралдарының өзен арнасына немесе қозғалысқа арналмаған басқа да орындарға кіруіне болмайтынын қатаң ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу