Генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бұйрығымен 27 қазанда Алматыда баланың өмірін судан құтқарып, батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қызылорданың тумасы Әлихан Жақсылық "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.
Марапатты Төтенше жағдайлар министрінің атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев табыстады.
"Шұғыл іс-әрекетіңіздің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, баланың өмірін құтқарғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз", – деді ТЖД басшысы.
25 жастағы құтқарушы 27 қазанда Есентай өзені Мақатаев көшесінің қиылысындағы жағалауында келе жатқанда балалардың көмек сұрап, айқайлағанын естіді. Ол 14:00 шамасында Қызылордадан Алматыға жалға алатын пәтер іздеп келген.