Алматы қаласының атынан шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ Цифрландыру басқармасының өкілдері ат салысты.
Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаевтың айтуынша, форумда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің қатысуымен сессия өтті.
"Постковидтік кезеңде қалаларда цифрландырудың рөлі, қалалар үшін қолайлы шешімдерді дамыту туралы мәселелер талқыланды", - деді Баян Қоңырбаев.
Форумда Бақытжан Сағынтаев КВИ пандемиясы кезеңінде іске асырылған цифрлық жобалар туралы баяндады. Оның ішінде Алматы әкімі infoalmaty.kz порталын мысалға келтірді. Жүйе жұмысы екі апта ішінде басталған болатын. Порталда локдаун кезінде жүруге рұқсат етілген азаматтардың электрондық тізімі жасалды.
Жүйеде кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдардың нақты саны және осы өнідірістің нақты айналымы туралы мәліметтер көрсетілді. Кейін бұл ақпарат салық органдарының деректер базасымен біріктірілді.
Бүгінде порталдың қызметі кеңеюде. Мысалы, кәсіпкер кәсіпорынның БСН енгізу арқылы қала мен мемлекет тарапынан қолдау шаралары туралы барлық ақпаратты ала алады. Бұл ретте деректер банкке немесе қаржы институттарына тікелей өтінім беру мүмкіндігімен нақты жоба бойынша ұсынылатын болады. Кейін бұл шешім бүкіл республикаға енгізілді.
Алматының Цифрландыру басқармасының өкілдері форумның пленарлық сессиясына Сингапурден, Еуроодақ елдерінен, Азияның басқа да бірқатар қалаларынан келген мамандармен бірге қатысты.
Халықаралық онлайн-форум аясында цифрлық технологияларды дамыту саласындағы қазақстандық мамандар Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріндегі әріптестерінің шетелдік тәжірибелерін жақсы зерделей алды.