Алматыда пара алған тағы бір экс-басшы сотталды

931

Ол ақша бопсалап, пара алды деп айыпталған.  

Алматыда пара алған тағы бір экс-басшы сотталды

Алматыда АШМ Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі аймақтық инспекциясы бөлімінің экс-басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Медеу ауданының №2 соты мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Айыпталушы фитосанитария сертификаттары мен басқа да қажетті құжаттардың жоқтығы үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс адамдарды бопсалап, ақшалай және заттай пара алған.

Экс-шенеунік алған ақшаның жалпы сомасы 157 580 теңгені құрады.
Айыпталушы кінәсін мойындамады. Алайда қылмыс әр түрлі дәлелдемелермен расталған. Прокурор күдіктіні 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот экс-шенеунікті кінәлі деп таныды.

"Белгілі бір лауазымдарды атқару мен белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздігі бар түзеу мекемесінде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу