Алматыда пәтер өртеніп, 10 адам құтқарылды

320

Оқиға кезінде ғимараттан 72 адам эвакуацияланды.  

Алматыда пәтер өртеніп, 10 адам құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Алматының Медеу ауданындағы Самал-2 шағын ауданында орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдай туралы "112" пультіне сағат таңертең хабарлама түскен. Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері келген кезде үйдің 12-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Жалынның ғимарат шатырына таралу қаупі болған.

Құтқару жұмыстары барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 10 адамды, оның ішінде үш баланы құтқарды. Сонымен қатар ғимараттан 72 адам эвакуацияланды. Олардың арасында сегіз бала және мүмкіндігі шектеулі үш адам бар.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның шатырға таралуына жол берілмеді. Өрт 35 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу