Алматы қаласы Медеу ауданындағы үйлердің біріне ұрлыққа түскендер ұсталды. Бұл олардың кезекті қылмысы екен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталғандардан заттай айғақтар табылып, тәркіленген.
"Топ құрамы үш адамнан тұрады: Н.,1992 ж.т., 1990 ж.т.О., және 1991 ж.т.Ф. Ұсталғандардың біреуі бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін жауапқа тартылған болатын. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа қылмыстық эпизодтарын анықтау бойынша бірқатар шаралар қабылдануда", – дейді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Берік Әбілбековтің айтуынша, қылмыстық топ тек қымбат есігі бар пәтерлерді таңдайды. Алдымен үйде ешкім жоқ екенін анықтап алып, әрекетке көшеді екен.