Тергеу мәліметінше, ол кілт таңдау әдісі арқылы жасалған пәтер ұрлығын жалғыз өзі жүзеге асырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бөтен үйдің есігін кәсіби түрде ашып, оңай олжаға кенелген. Дәл осындай тәсілмен жүзеге асқан бірнеше пәтер ұрлығына қатысы болуы мүмкін. Қазір оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
– Біз кәсіби құралдарды пайдаланып пәтерлерге кірген жалғыз ұрыны ұстадық. Қазіргі уақытта оның басқа да эпизодтарға қатысы мұқият тексерілуде. Алматы полициясы мүліктік қылмыстардың алдын алу және ашу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді жалғастырады, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.