Алматының Наурызбай ауданы полицейлерінің мәліметінше, қылмыстық топ қалада кемінде 5 ұрлық жасаған.
"Қылмыскерлер бәрін алдын ала жоспарлаған. Олардың үшеуі сыртта тұрған. Қалғаны заттарды тонаған. Арасында жасы ең үлкені – Қостанай облысының тумасы, 53 жастағы Г.есімді азамат, қылмыстық топтың қалған мүшелері – 30 жаста, 34 жаста және 41 жаста. Олар да басқа жақтан келгендер. Ұстауды біздің бөлімше қызметкерлері қалалық Криминалдық полиция басқармасындағы әріптестерімен және полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүзеге асырды. Қылмыс жасау тізбегі стандартты болды. Олар кіреберіске кіріп, есік қоңырауын басты, егер ешкім ашпаса және есіктің арғы жағы тыныш болса, олар кіреберіс есіктің құлпын ашқан. Есік құлыптарын ашу үшін қаскөйлерде арнайы құрылғылар пайдаланған. Мұның бәрі қораптарға салынған. Сырттағылармен байланысу үшін екі батырмалы телефон пайдаланған. Қазіргі уақытта күдіктілердің қаланың әртүрлі ауданында орын алған 5 қылмысқа қатысы бары анықталды. Соңғы дерек Шұғыла шағын ауданындағы үйлердің бірінде тіркелген. Кілтті таңдау арқылы күдіктілер пәтерге кірген және жеке мүлікті ұрлап кеткен. Күдіктілер оқиға орнында ұсталды", – дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Данияр Меңдебаев.
Ұсталғандардың үшеуі бұрын сотты болған және ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеген. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.