Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

678

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, бұл топ - үш ер адам мен бір әйелден тұрады. Олар қылмыстарының көпшілігін Алматының Әуезов ауданында жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

"Бұл топ Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген адамдардан жасақталған. Біздің жедел деректерге сәйкес, олар шаһарға  келіп, қаланың тұрғын аудандарын қарай аралаған. Олар кіреберіс есіктердің құлыптарының кілтін таңдау арқылы бөтен пәтерлерге кірген. Ұрлықты ерлер жасаған, ал әйел ұрланған мүлікті сатуға жауапты болды. Күдіктілер негізінен алтын, аң терісінен жасалған бұйымдар, сонымен қатар, цифрлық техниканы қолды қылып отырған. Олар жалдамалы пәтерге қоныстанған.  Арнайы іс-шараның 18 мамыр Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында ұсталды", — деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

"Қылмыстық төрттік" уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, олар Ақтөбе облысының аумағында да пәтер тонаумен айналысқан.

"Біз бұл ақпаратты тергеу барысында нақты тексеретін боламыз. Алматыда ұрланған мүлікті сату арнасын да анықтаймыз", – деді Қуатбек Науатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу