Алматыда "Pfizer" вакцинасымен егу басталды

522

Шаһарда коронавирусқа қарсы вакцинациялау мен ревакцинациялау қарқынды жалғасып жатыр.

Алматыда "Pfizer" вакцинасымен егу басталды

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Владимир Юсуповтың айтуынша, бүгіннен бастап қала тұрғындарын "Pfizer" вакцинасымен иммундау жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Қалада амбулаториялық-емхана желісіндегі медициналық ұйымдарда, оның ішінде жекеменшік медициналық орталықтарда тіркелген тұрғындарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда шаһарда "QazVac" және "SinofarmVeroCell" вакциналары қолданылуда. Бүгіннен бастап тұрғындарды "Pfizer" вакцинасымен иммундау жоспарланып отыр", - деді спикер Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Оның хабарлауынша, өткен жылдың 1 ақпанынан бастап бүгінге дейін аяқталған вакцинация курсымен 1 млн 221 152 адам қамтылса, 640 069 адам ревакцинацияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу