Алматыда заңсыз салынған элиталық клуб үйі бұзылады

258

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Ерменсай ш/а, 7 бұрыш, 8/1 учаскедегі ТҮК-нің  үшінші қабатын бұзудың басталғаны туралы хабарлады. 

Алматыда заңсыз салынған элиталық клуб үйі бұзылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Иесі екі қабатты үйдің құрылысына рұқсат алған, бірақ қосымша тағы бір қабат тұрғызған, бұл тексеру кезінде анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сот талқылауларынан кейін Алматы қалалық соты 3-ші қабатты бұзу туралы шешім қабылдады. Төменгі қабаттарға зақым келтірмеу үшін ол қолмен бұзылып жатыр.

"Жер учаскелерінің меншік иелері мен құрылыс компанияларын ҚР Сәулет және қала құрылысы қызметі туралы Заңның және құрылыс салуды ұйымдастыру ережелерінің бұзылуына жол бермеуге және құрылысты тек заңды негізде бастауға шақырамыз. Олай болмаған жағдайда сот сатысында істерді қараумен және кейіннен бұзудың жоғары ықтималдығымен заңнама аясында жауапкершілік қауіп төндіреді", - деп атап өтті Басқармада.

Былтырдан бері 34 заңсыз нысан, соның ішінде "Мечта" және KHAN тұрғын үй кешендері бұзылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу