Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы, Шапағат ықшам ауданындағы, Ұйғырская көшесіндегі цехтағы өртті сөндірді.
Өрт пластикалық терезелер шығаратын цехтан бастап, ағаш кесетін шеберхана мен жапсарлас тұрған тұрғын үй аумағына тарала бастаған.
Оқиға орнына дереу жедел штаб жұмылдырылып, өрт саптамалары орнатылып, судың үздіксіз берілді.
Өртті сөндіру ағаштың жылдам тұтануынан және су көздерінің алыстығымен қиындады.
"Тілсіз жау 06:18-де оқшауланып, 07:07-де сөндірілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде үш тұрғын үйді (батыс, оңтүстік және солтүстіктен) және уақытша баспананы өрттен қорғауға, сол арқылы адам шығынының алдын алуға мүмкіндік туды. Өртті сөндіруге: ТЖ (жеке құрамның 73 адамы, 22 бірлік техника), 2 бірлік, "Алматы Су" суару машиналары жұмылдырылды", – деп хабарлады ТЖД.