Алматыда полицей кісі қолынан қаза тапты

224

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда полицей кісі қолынан қаза тапты Фото: stan.kz

Қалалық полиция департаментінен мәлім еткендей, жанжал салдарынан пышақ жарақатын алған Медеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Алматыдағы ауруханалардың бірінде көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, қызметтік тергеу жүргізілуде.

Оқиға қызметтен және жұмыс уақытынан тыс болған.

– ҚР ҚПК-нің 201 бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу