Алматыда полиция 8 мыңнан астам қару иесін тексерді

174

1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Алматыда "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.       

Алматыда полиция 8 мыңнан астам қару иесін тексерді Фото: polisia.kz

Шара аясында қалалық полиция департаментінің қызметкерлері азаматтық және қызметтік қарулардың сақталу жағдайын тексеруде, деп жазады inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара басталғалы бері 8603 қару иесі тексерілді. Тексеру барысында қаруды сақтау, сондай-ақ оны тіркеу мен қайта тіркеу мерзімдерін бұзу бойынша 180-нен астам құқық бұзушылық анықталды.

Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

"Біз барлық қару иелерін азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға, рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдерін бақылауға және қаруды тұрғылықты жерде сақтау ережелерін бұлжытпай орындауға шақырамыз. Бұл – әр азаматтың және жалпы қоғамның қауіпсіздігінің негізі", – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Кұлбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу