Алматыда полиция ірі көлемдегі қарақшылық қылмысын ашты

91

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Алматыда полиция ірі көлемдегі қарақшылық қылмысын ашты Фото: polisia.kz

Алматына 30 миллион теңгенің қарақшылық шабуылы бірден әшкере болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері шамамен 30 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген қарақшылық шабуылды "ізін суытпай" ашты. Қылмыс күндізгі уақытта жасалған. Белгісіз әлдебіреу күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні байлап, зергерлік бұйымдар, бағалы мүлік және ақшалай қаражатты қолды қылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Бұл қылмыстың ашылуы – іске тартылған барлық бөлімшенің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесі. "Заң мен тәртіп" қағидаты біз үшін ұран емес, күнделікті қызметтің басты талабы. Ауыр қылмыстың ешқайсысы жауапсыз қалмайды, ал әрбір жәбірленуші мемлекет пен полицияның өз жағында екеніне сенімді болуы тиіс, – деді Алматы қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу