Алматыда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

243

Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті бақылау күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Фото: fbrk.kz

Қалада 20–22 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, рейд барысында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңсыз әрекеттерді анықтауға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге басымдық береді.

Әсіресе жол қозғалысы ережелерінің сақталуы жіті бақылауға алынған. Полицейлер мас күйде көлік жүргізу, белгіленген жылдамдықты асыру және жол қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзге де әрекеттердің жолын кеспек.

Алматы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, басты мақсат – құқық бұзушылықтарды тіркеу ғана емес, олардың алдын алу.

Осыған байланысты полиция қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын, жол ережелері мен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу