Алматыда "полиция қызметкерлері" өтіп бара жатқан адамдарды тонап кетті

419

Олар адамдарды газ тапаншамен қорқытып, ақшалары мен телефондарын тартып алған.

Алматыда "полиция қызметкерлері" өтіп бара жатқан адамдарды тонап кетті Фото: inbusiness.kz

Алматыда өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған екі азамат, өтіп бара жатқан адамдарды тонаған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалған полицейлер өтіп бара жатқан адамдарды газ тапаншамен қорқытып, ақшалары мен телефондарын тартып алған. 

"Тергеу кезінде күдіктілер 27 және 20 жастағы екі азамат жастарды тоқтатып, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Оларға жалған қызметтік куәлік көрсетіп, есірткі қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды деп сендірген. Одан кейін ақша талап етіп, көнбеген жағдайда газ тапаншасымен қорқытып, телефондары мен ақшасын тартып алған. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу