Аталған эпизодтар бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– 12 дерек бойынша сот үкімі шығып, кінәлілер ҚР заңнамасына сәйкес лайықты жазасын алды. Ағымдағы жылдың толық емес қаңтар айында департаменттің тергеу бөлімі 3 қылмыстық іс тіркеп, күдіктілер қамауға алынды. Билік өкілдеріне күш қолданудың әрбір дерегі ерекше бақылауда. Сонымен қатар билік өкіліне қарсы, қорқыту немесе күш қолдану – қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып саналатынын және үш жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске сала кетейік, – деді Алматы қаласы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.