Ұстау шарасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің Әуезов аудандық полиция басқармасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жүзеге асырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Полиция қызметкерлерін көрген сәтте күдікті тыйым салынған заттардан құтылуға әрекеттенген, алайда дер кезінде ұсталды. Тексеру және процессуалдық әрекеттер барысында одан ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар тәркіленді. Сот-сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат синтетикалық есірткі – мефедрон екені анықталды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың барлық мән-жайын, сондай-ақ ықтимал сыбайластар мен есірткі тарату арналарының жолын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың айтуынша, мұндай фактілер полицияның ерекше бақылауында.
– Жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың кез келген әрекетінің жолы жүйелі түрде кесілуде. Өткізу тәсілі мен қолданылатын технологиясына қарамастан, мұндай қылмыстар үшін жауапкершілік қатаң әрі бұлтартпас болады, – деді Мұрат Жұмабаев.
Оның сөзінше, мегаполисте есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі негізде жалғасады.
– Әрбір осындай дерек – азаматтардың денсаулығы мен болашағына төнген нақты қауіп. Полиция қоғамды есірткі қатерінен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды, – деп түйіндеді басқарма бастығы.