Алматыда полиция ұрланған қару-жарақ сақталған қойманы тапты

1816

Күдіктінің бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Алматыда полиция ұрланған қару-жарақ сақталған қойманы тапты

Қирату, тонау  кезінде ұрланған қаруларды Алматы облысының 18 жастағы жасырған, деп жазды Inbusiness.kz Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

"Оны Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Жауап алу кезінде ер адам қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады. Оның ұрланған мылтықтарды карьерлердегі қоймада сақтағаны анықталды", – деп жазылған хабарламада. 

Күдіктінің бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатысын анықтау, сондай-ақ, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу