Алматыда президент резиденциясына шабуыл жасағандарға қатысты сот үкімі жарияланды

571

5 сотталушы тәртіпсіздіктерге қатысу кезінде оқ тиіп, қаза тапқан.  

Алматыда президент резиденциясына шабуыл жасағандарға қатысты сот үкімі жарияланды Фото: nur.kz

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жаппай тәртіпсіздікке қатысу, президент резиденциясына, әкімдікке шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz.  

Аудандық сот К., А., К., В., Т. атты азаматтардың өткен жылы 4-5 қаңтар күндері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл жасағанын анықтады. 

Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, "сотталушылардың кінәсі алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің және туыстарының тану туралы хаттамаларымен, жүргізілген сот-медициналық сараптамасы және ұялы телефондар болған жердің мәліметтерімен, жәбірленушілердің қалалық әкімдікке және президент резиденциясына шабуыл жасаған және қару қолданғаны туралы жауаптармен расталады".

Сот аталған қылмыстық істі қарау себебі ретінде тергеу барысында сотталушылардың заңды өкілдерінің қылмыстық істі ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігінің 11-тармағы бойынша қысқартуға қарсы болғанын атаған.

"Сотталушылар кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы негізінде босатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады аудандық сот.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу