Алматы әкімдігі алданған үлескерлердің қаражатын қайтаруға көмектесті

255

Қазір инвестор мен үлескерлер арасында тиісті келісім әзірленіп жатыр.

Алматы әкімдігі алданған үлескерлердің қаражатын қайтаруға көмектесті Фото: 7kun.kz

Алматыда үлескерлердің құқығын қорғау және олардың салған қаражатын қайтару мәселелері қарастырылып жатыр,деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылған ведомствоаралық комиссия бірнеше проблемалық тұрғын үй кешені бойынша жұмыс жүргізуде.

Атап айтқанда, Esentai City тұрғын үй кешенінің мүлкіне салынған тыйымды алып тастап, құрылысты жалғастыру мәселесі шешілді. Ал "Достар Делюкс" кешенінің үлескерлеріне келтірілген шығынды өтеу тетігі меншік иелерінің бастамашыл тобына ұсынылды.

Monblanc тұрғын үй кешенінің құрылысын жалғастыруға ниетті инвестор табылды. Ол жер телімін сатып алып, үлескерлердің шығынын өтеуге дайын. Қазір инвестор мен үлескерлер арасында келісім әзірленіп жатыр.

Заңсыз салынған Pine Hill және Sky Club тұрғын үй кешендерінің құрылыс салушыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Комиссия инвестормен келісімге келген. Жер телімдеріне салынған тыйым алынып, жоғалған құжаттар қалпына келтірілген соң, учаскелер инвесторға беріледі. Инвестор үлескерлер алдындағы берешекті өтеуді міндетіне алады.

Сонымен қатар комиссия Швейцария, Silver Hills және басқа да проблемалық тұрғын үй кешендерінің үлескерлеріне қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жатыр. Бұл нысандар бойынша қылмыстық істерді тергеудің аяқталуы күтілуде.

Әкімдік тұрғын үйді бастапқы нарықтан сатып алмас бұрын құрылыс салушының қажетті құжаттары бар-жоғын тексеруге шақырады. Нысанның мәртебесін Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 нөміріндегі анықтамалық WhatsApp арнасы арқылы білуге болады.

Арна дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу