Алматыда прокуратура ғимараты өртеніп жатыр

606

Бұған дейін ереуілшілер әкімдікке баса-көктеп кірді.

Алматыда прокуратура ғимараты өртеніп жатыр

Алматы әкімдігінің өртенгеннен кейін, қалалық прокуратура ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Наразылық білдірушілер Алматы прокуратурасының ғимаратын өртегені белгілі болды.
Ереуілшілер тамақтану орындары мен дүңгіршектерді тонай бастады.

Бүгін таңертең ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады. Премьер-министр міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқаратын болады.
Кейінірек Мемлекет басшысы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа жол бергеніне кінәлілерді атады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар қосымша тапсырма берді.

Айта кетейік, Қазақстандағы митингтер биыл 2 қаңтарда Жаңазөзен қаласынан (Маңғыстау облысы) басталған еді. Онда тұрғындар газ бағасын төмендетуді талап етіп митингке шықты.Кейін басқа өңірлердегі тұрғындар наразылық акцияларына қосыла бастады.

ҚР ІІМ 200-ден астам адамның ұсталғанын мәлім етті.

Бүгінде Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай жарияланды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу