Алматыда провизорлық орталықтар саны көбейді

1555

Шетелден келгендерді оқшаулау үшін 3 шипажай, 1 жатақхана бөлінді.

Алматыда провизорлық орталықтар саны көбейді

Алматыда провизорлық орталықтар көбейтілді. Бұрын 4 орталық болса, қазір олардың саны 6-ға жетті, деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

"Осы уақытқа дейін мегаполисте 4 провизорлық орталық болса, қазір олардың саны 6-ға жетті. Карантиндік оқшаулау үшін 3 шипажай, 1 жатақхана бөлінді. Оларда шетелден келген 419 адам жатыр. Бүгінде қалаға өзге мемлекеттен келген барлық азаматтар 2 күнге карантинге жатқызылады", – деді басқарма басшысы.

Алматыда коронавирус жұқтырған 73 адам тіркелді. Оның 7-і сауығып, үйлеріне шығарылды. Қаланың жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19 диагнозы бойынша 66 науқас ем қабылдауда.

"6 жаңадан анықталған жағдайдың 4-і коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар. Ал біреуі 19 наурызда Минск – Алматы рейсімен келген. Екіншісі сол күні Стамбұл – Алматы рейсімен келді. Қазіргі кезде 58 науқастың денсаулығы қанағаттандырарлық, 1 науқастың жағдайы ауыр, 6 ересек адамның жағдайы орташа ауырлық күйінде, 1 баланың жағдайы орташа. Біртіндеп сауығып келеді", – басқарма басшысы.

Жалпы шаһарда 1046 адам карантиндік бақылауда. Оның 102-сі бала.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу