Алматы қаласындағы психикалық денсаулық орталығынан 31 мамыр күні қашып кеткен екі пациент әлі күнге дейін іздестіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мекеме мамандарының айтуынша, науқастар өз еріктерімен орталық аумағынан шығып кеткен.
– Қазіргі уақытта олардың қайда екені белгісіз. Іздестіру шаралары жедел түрде ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері орталық мамандарымен бірлесе жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады мекеме өкілдері.
Қашып кеткендердің бірі – 32 жастағы Павел Лавров. Бойы – 157 см, дене бітімі – орташа, шашы – қара, көзі – қоңыр. Оң білегінде тыртық іздері бар.
Екінші азамат – 1992 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген Денис Антипин. Оның бойы – 180 см, дене бітімі – орташа, шашы – қою қоңыр.
Елисей Балакин – бойы 176 сантиметр, дене бітімі арық, шашы қысқа, қою қоңыр, көзі қоңыр. Қара түсті ақ жазуы бар футболка, қара трико және қара кроссовка киген.
Кез келген ақпаратқа ие азаматтардан құқық қорғау органдарына немесе орталық қызметкерлеріне хабарласулары сұралады.