"Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасына Ашық НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 3-тармағының 7-5) тармақшасына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді.
"Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстардың орташа құны көрсетілетін көмек көлеміне қарай "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №532 бұйрығымен бекітілген есептеулер бойынша жүргізіледі", – деп жазылған құжатта.
Мемлекеттік тапсырыс мөлшерін есептеу кезінде мынадай жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:
1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгіленген базалық лауазымдық жалақы;
2) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуге қаржыландыру көлемі көрсетілетін көмектің көлемі мен ұзақтығына байланысты өзгереді (бір маманның – логопедтің немесе психологтың немесе дефектологтың көмегі (жылына 90 күннен бастап); екі маманның – логопедтің және психологтың немесе дефектологтың және логопедтің немесе логопедтің және ЕДШ нұсқаушысының көмегі (жылына 180 күннен бастап); үш маманның көмегі – логопед, психолог және ЕДШ нұсқаушысы немесе дефектолог, логопед және психолог (жылына 180-ден 270 күнге дейін).
Мемлекеттік тапсырыс көлемін және мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету ұзақтығын есептеу қағазы қоса беріледі.
Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау алуға кезекте 1433 бала тұр.