Алматыда ПТР зертханалардың қуаттылығы артады

935

Шаһар әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров зертханалар басшыларымен кеңес өткізді.  

Алматыда ПТР зертханалардың қуаттылығы артады

Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсті. Соған сәйкес ПТР зертханалардың қуаттылығын арттыру жұмыстары басталды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мен ПТР-зерттеулер жүргізілетін зертханалардың басшылары өткізген онлайн кеңес барысында айтылды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

Кеңес барысында қала тұрғындарының коронавирустық инфекцияға ПТР-диагностикасын жүргізу мәселелері қаралды, атап айтқанда, қолда бар резервтер және күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында зерттеулер ауқымын ұлғайтуға дайындық туралы ақпараттар ұсынылды.

Бұған дейін қала тұрғындарының ПТР-тесттерге деген сұранысы 4 мыңды құраса, эпидемиологиялық жағдайдың ушығуын ескере отырып, жүргізілетін зерттеулердің тәуліктік көлемі 8 мыңға дейін көбейгені атап өтілді.

"Қала зертханаларының алдында таяу күндері ПТР-тестілеуді өткізудің жалпы қуатын тәулігіне ағымдағы 14,2 мыңнан 25 мыңға дейін арттыру керек. Ол үшін зертханалық топтардың санын арттыру, сондай-ақ екі ауысымды режимді енгізу арқылы үздіксіз жұмысты құру бойынша тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, қалада эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы және қала аумағында COVID-19 жаңа штаммының таралуы жалғасқан жағдайда, жүргізіліп жатқан зерттеулер көлемін одан әрі 35 мыңға дейін арттыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды", - деді  Ержан Бабақұмаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу