Алматыда QazaqOil компаниясының қолдауымен Bastau кинофестивалі өтіп жатыр

574

Биыл оныншы рет ұйымдастырылған дебюттік фильмдер байқауына әлемнің 40 елінен мыңнан астам кинотуынды түскен.

Алматыда QazaqOil компаниясының қолдауымен Bastau кинофестивалі өтіп жатыр

Алматыда ҚазақОйл компаниясының қолдауымен "Бастау" кинофестивалі өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның 53-і ақтық сынға өтіп, Алматыда көрсетіліп жатыр. 5 күнге созылатын кино-байқауда үздік жұмыстар анықталып, жүлделі орындар беріледі. Байқауға ҚазақОйл компаниясы демеушілік көрсетуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар киносын қолдауға бизнестің көңіл бөлуі - өте маңызды.

"Демеуші болмаса, осы кинофестивальді өткізу мүмкін емес. Себебі біздің бюджетіміз өте шектеулі. Сол себепті Қазақойл компаниясына алғысымыз шексіз. Көптен көп рахмет", деді BASTAU кинофестивалінің президенті Сергей Әзімов.

Ал, ҚазақОйл компаниясының өкілі Әсел Әлімханованың сөзінше, жас таланттарға демеу көрсету - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыты. Себебі, "болашақ өскелең ұрпақтың еншісінде және жарқын болашақ үшін жастарды бүгіннен бастап қолдауымыз керек"- дейді Әлімханова.

"Біз Қазақстанның жас таланттарына өз өнерлерін көрсетуге ықпал етіп отырмыз. Бұл жастар қазір  елімізде өнер көрсетсе, болашақта әлем елдерінде топ жарады.  Біз осындай ауқымды жетістіктің бір бөлігі екенімізге, осы байқауға қолдау білдіргенімізге  өте қуаныштымыз", деді QAZAQOIL компаниясының PR директоры Әсел Әлімханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу