Алматыда "Рахат" фабрикасының 467 қызметкері коронавирус жұқтырған

585

Оларда инфекция белгілері болмаған.   

Алматыда "Рахат" фабрикасының 467 қызметкері коронавирус жұқтырған

Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Рахат" фабрикасында 30 мамыр мен 4 маусым аралығында 10 жағдай анықталған. Бірінші рет жоспарлы отаға жатқызылған фабрика қызметкерінен коронавирус расталды. Кейін зауыттың кіре берісіндегі тепловизор бір күнде 8 науқастың дене қызуы көтерілгенін анықтады. Жедел жәрдем шақырылып, олар зауытқа кіргізілген жоқ. Кейін фабриканың 1,5 мың қызметкері тексерістен өткізілді. Олардың ішінде 467 адамның симптомсыз коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Науқастар үйлерінде ем қабылдайды. Сонымен қатар дәрігерлердің бақылауында болады. Әр жағдай жеке-жеке қаралады", – деді Жандарбек Бекшин.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу