Алматыда Райымбек батыр даңғылы бойынша жол жүру қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz.
"28 шілдеде сағат 22.00-ден бастап 27 тамыз аралығында Алматы қаласының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойынша Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін батыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады. Аталған жол сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбыржолдарда жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу