Алматыда Райымбек даңғылында бірден үш автобус соқтығысты

1328

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.  

Алматыда Райымбек даңғылында бірден үш автобус соқтығысты

Алматыдағы Райымбек даңғылында бірден үш автобус соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, YUTONG BUS маркалы автобус жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. Қашықтықты сақтамау салдарынан алдында келе жатқан SAZ автобусымен соқтығысқан.  Соққыдан SAZ автобусы сол бағытта келе жатқан үшінші YUTONG автобусымен соқтығысқан. 

"Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факт бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу