Анықталғандай, күдікті бұрын төрт рет, оның ішінде адам ұрлағаны үшін де сотталған, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"38 жастағы Т. есімді ер адам – жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқан. Оны Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Геологтар көшесіндегі үйлердің бірінде ұстады. Тінту кезінде қаскүнемнен бір мылтық және екі тегіс ұңғылы мылтық, патрондар, оптикалық көздеуіштер тәркіленді", – деп хабарлады ПД.
Полиция қызметкерлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.
"Сонымен қатар қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, әрине, қандай да бір қылмыс жасауға қатыспаса, жауапкершіліктен босатылады", – деп хабарлады ПД.
Құралай Құдайберген