Алматыда рейд жүргізіледі: полицейлер тұрғындарға үндеу тастады

447

Шара 20-30 қараша аралығында өтеді.

 Алматыда рейд жүргізіледі: полицейлер тұрғындарға үндеу тастады Фото: inbusiness.kz

Алматы полицейлері қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидатын нығайту және көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Алматыда 20-30 қараша аралығында "Қауіпсіз қала" жалпыреспубликалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.

Іс-шара қалалаық басқармалармен бірлесіп бұзақылық, мүліктік залал, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзу әрекеттерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Арнайы мобильді топтар құрылып, халық тестілеуге барынша тартылды. Бұл күндері учаскелік полиция инспекторлары елді мекендерде, саябақтарда, алаңдарда, қоғамдық орындарда мақсатты және жергілікті рейдтер жүргізеді.

"Осыған байланысты Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытып, қоршаған ортаға, бөтеннің мүлкіне ұқыптылықпен қарауға және заңды қатаң сақтауға шақырады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу