Алматыда Репродуктивті медицина институының жаңа орталығы ашылды

1286

Алматыда Репродуктивті медицина институының жаңа орталығы ашылды

Алматыда репродуктивті медицина институының "ЭКО" жаңа орталығы ашылды, мұнда бедеулікті медицина саласындағы соңғы технологиялар бойынша емдейді. Клиника заманауи қондырғылармен жабдықталған, соның арқасында әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Репродуктивті медицина институының директоры Тамара Жүсіпәлиева өзінің сөзінде Қазақстанда сапалы медицинаға деген сұраныстың артқанын, клиника көрсететін медициналық қызметтердің аз шығын жұмсай отырып, шетелдік баламалардан еш төмен еместігін айтты.

"Соңғы жылдары біздің қызметке деген сұраныс өсуде және медициналық туризм артуда. Алматыға жақын және алыс шетелдерден емделу үшін келетіндер жеткілікті, олардың ішінде Түркиядан, Германия мен Ресейден, Қытай мен АҚШ-тан келетіндер баршылық. Барлық пациенттерге заманауи репродуктивты технологилар ббойынша ата- ана болу бақытын сыйлаудамыз", - деді орталық директоры Т..Жүсіпәлиева.

Ол өзінің сөзінде Қазақстан заңдарының бейімділігі, дәрігерлердің жоғары біліктілігі, заманауи технологиялардың жеткілікті болуы арқасында Қазақстанға медициналық туризм бойынша келетіндер легінің артқанын айтты. Мысалы, екі жыл ішінде Қытайдан, Германиядан кеелетін пациенттер саны бірден көбейген. Тек АҚШ-тың өзінен ғана репродуктивті медицина институына 75 емдлуші келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу